Комплаенс бақылау қызметінің Бас маманы
Нурбанк
Алматы, Қазақстан
8 дней назад

Талаптар :

  • жоғарғы заң / экономика / қаржы білімі;
  • келесі мамандықтардың біреуі бойынша 2 жылдан кем емес мерзімде жұмыс тәжірибесі : комплаенс, тәуекел-менеджмент, аудит, заңгер, қаржы сарапшысы;
  • ҚР банк, қаржы және корпоративтік заңнамаларын; халықаралық стандарттарды білуі;
  • ағылшын тілін еркін меңгергені құпталады (іскерлік хат алмасу);
  • барлық офистік және MS Word, Excel бағдарламаларын жетік меңгергені; ИСУБД Новая Афина , Way-4 бағдарламаларындағы жұмыс тәжірибесі құпталады.
  • Міндеттері :

  • комплаенс-тәуекел проблемаларының туындауына қатысты жұмыстар жүргізу, қорытынды жасауға арналған материалдар дайындау;
  • қаржы нарығындағы Банк қызметінің, сонымен бірге оның жұмыскерлері әрекетінің Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына және қаржы нарығындағы кәсіптік қызметтің стандарттарына сәйкес келуін бақылау;
  • Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын және қаржы нарығындағы кәсіптік қызметтің стандарттарын, қаржы нарығындағы Банкінің қызметін реттейтін Банкінің ішкі құжаттарын банк жұмыскерлерінің бұзу фактілеріне тергеу жүргізу / тергеуге қатысу;
  • клиенттер мен контрагенттердің мәмілелер (операциялар) бойынша Банкіге немесе қызметтік міндеттерін атқарудағы оның жекелеген жұмыскерлерінің әрекетіне қаржы нарығындағы Банкінің қызметіне қатысты шағымдарын қарастыру;
  • Банк басшылығына арнап, қызметтері қаржы нарығындағы операцияларға (мәмілелерге) тікелей байланысты болып келетін Банкінің жекелеген жұмыскерлері мен бөлімдерінде анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты ұсыныстарды, сондай-
  • ақ аталған бөлімдердің жұмыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.

    Откликнуться
    Добавить в избранные
    Удалить из Избранного
    Откликнуться
    Мой Email
    Нажимая «Продолжить», вы соглашаетесь с тем, что neuvoo собирает и обрабатывает ваши персональные данные, которые вы предоставили в этой форме, для создания учетной записи neuvoo и подписаться на наши оповещения по электронной почте в соответствии с нашей политикой Privacy . Вы можете отозвать свое согласие в любое время, выполнив следующие действия: следующие действия: .
    Продолжить
    Форма заявки